Еуропа Лигасы: «Астана» - «Вильярреал» матчының билеттері сатылымға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы: «Астана» - «Вильярреал» матчының билеттері сатылымға түсті

17.08.2014
Еуропа Лигасы: «Астана» - «Вильярреал» матчының билеттері сатылымға түсті

21 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» мен Испанияның «Вильярреал» футбол клубтары арасындағы кездесуге билеттер сатыла бастады. Ойын Еуропа лигасы аясында өтеді, деп хабарлады «Астана» клубының баспасөз қызметі.

«Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясындағы «Астана» - «Вильяреал» матчына билеттер кеше сағат 10-00-ден бастап сатыла бастады. Билеттерді «Астана Арена» спорт кешені маңындағы кассалардан және «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады», - делінген хабарламада.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, екі команда арасындағы ойын билеттері 4 санатқа бөлінген, бағасы 500-3000 теңге аралығында.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 28 тамыз күні Испанияда өтеді.

Хабарламаларға жазылу