Еуро-2016. Қазақстан – Чехия матчының билеттері сатылымға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Қазақстан – Чехия матчының билеттері сатылымға түсті

09.10.2014
Еуро-2016. Қазақстан – Чехия матчының билеттері сатылымға түсті

Бүгін Еуро-2016 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Чехия арасындағы ойынға билеттер сатыла бастады. Бұған дейінге Латвиямен өткізген ойындағы баға сақталған.

Ең арзан билет – 500 теңге. Бұл - екі қақпаның артында орналасқан оңтүстік және солтүстік трибуналар. Ал, 1000 теңгенің билетімен шығыс және батыс трибунаның екінші және жоғары ярусынан ойынды бақылауға болады.

Төменгі ярустан ойынды тамашалау үшін 1500 теңге жұмсауға тура келеді. Ал, батыс трибунасындағы үшінші және жетінші сектор аралығындағы жұмсақ орындардың билеттері 3000 теңгеден сатылады.

Билеттерді «Астана Арена» стадионы, «Меломан» және ticketon.kz желісінен алуға болады.

Фото: sports.kz

Хабарламаларға жазылу