Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы $1,4 млрд-қа жуықтады
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өзара тауар айналымы 1,4 млрд долларға жуықтады. Сондай-ақ көрші мемлекетте кәсіп ашып жатқан қазақстандық инвесторлардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ұлттық статистика агенттігінің мәліметіне сай, Өзбекстанда үш айдың ішінде біздің елдің қатысуымен 54 кәсіпорын құрылған. Осылайша, қазақстандық бизнес иелерімен бірлесе жұмыс істейтін компаниялар саны 1 136-ға жетті. Алдағы уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында қосымша 4 сауда дәлізі ашылуы мүмкін. 2030 жылға қарай екі ел арасындағы тауар айналымы көлемін 10 млрд долларға жеткізу жоспары бар.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07