«Қазақстан Барысы - 2014» билеттері сатылымға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы - 2014» билеттері сатылымға түсті

03.06.2014
«Қазақстан Барысы - 2014» билеттері сатылымға түсті
«Қазақстан Барысы-2014» жобасының ақтық белдесулері 29 маусымда өтеді. Жыл сайын 8 миллионан астам адам ұлттық спортты насихаттайтын шараны асыға күтеді. Қазақ күресінің ерекше жобасының төртінші маусымының финалдық белдесулеріне билеттер сатылымға түсті. Билет құны – 1000, 3000 және 5000 теңге, деп хабарлайды «Қазақстан Барысы» ұйымдастырушылары.
 
Биыл халықтық жоба Астана күнін тойлау қарсаңында өтеді. Палуандар «Алтын белбеу» және «Тайтұяқ» иегерлерін анықтайды, сонымен қатар жеңімпазға «Hyundai Elantra» көлігі беріледі.
Финалдық белдесуге жолдама алған 33 палуанның тізімімен мына жерден танысуға болады.
 

Хабарламаларға жазылу