ЕУРО-2024 іріктеуі: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2024 іріктеуі: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

27.10.2023

Футболдан Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды. Жалпы тізімге 40 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады. Жиын аясында 10 қараша күні Қазақстан жастар құрамасымен бақылау ойыны жоспарланған. Матч жабық түрде өтеді.

Ұлттық құрама жігіттері қарашада 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. Астанада болатын Қазақстан мен Сан-Марино кездесуінің билеттері сатылымға 30 қазанда шығады. Словениямен ойын 20 қарашада өтеді. Еуропа чемпионатына жолдаманың тағдыры шешілетін матчтарға капитан Асхат Тағыберген қатыспайды.  

Данияр Асылбек

Хабарламаларға жазылу