«Барыс» хоккей командасының Астанадағы ойындарының билеттері сатылымға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» хоккей командасының Астанадағы ойындарының билеттері сатылымға түсті

29.08.2014
«Барыс» хоккей командасының Астанадағы ойындарының билеттері сатылымға түсті

Бүгіннен бастап «Барыс» хоккей клубының Құрлықтық хоккей лигасының 2014/2015 жылғы маусымындағы алғашқы ойындарына билетері сатылымға түсті.

«29 тамыздан бастап «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының  7-маусымындағы өз алаңында өтетін алғашқы ойындарына билеттерді сатылымға шығарды», — делінген клубтың ресм сайтында.

«Барыс» клубы елорда да мына клубтармен ойнайды:

4 қыркүйек — «Салават Юлаев»

6 қыркүйек — «Амур»

8 қыркүйек — «Адмирал»

10 қыркүйек — «Витязь»

Билеттердің құны 1000 және 1500 теңге аралығында. Сонымен қатар, интернет арқылы билеттерді сатып алуға болады.

Хабарламаларға жазылу