«Шахтер» - «Хайдук» матчының билеттері сатылымда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахтер» - «Хайдук» матчының билеттері сатылымда

28.07.2014
«Шахтер» - «Хайдук» матчының билеттері сатылымда

Футболдан Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі қарағандылық «Шахтер» мен Хорватияның «Хайдук» командалары арасындағы алғашқы кездесуінің билеттері сатылымға шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропа Лигасының үшініші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны Қарағанды қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Матч шілденің 31-і күні, сағат 18:30 да басталады. Аталған қос клубтың арасындағы матчқа кіру құны – 500 теңге.

Билеттер Қарағанды қаласының «Жастар» спорт сарайында, «Аян» супермаркетінде, «Таир» сауда орталығында және Орталық алаңның кассаларында сатылуда.

 

Хабарламаларға жазылу