«Қазақстан Барысы» финалының билеттері сатылымға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы» финалының билеттері сатылымға түсті

09.06.2014
«Қазақстан Барысы» финалының билеттері сатылымға түсті
 
29 маусым күні қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық бәсекесі өтеді. 
 
«Төл күресімізден осымен 4-ші рет ұйымдастырылатын додаға жыл сайын 8 миллионға жуық жанкүйер қызығушылық танытады. Жылдың ең айтулы спорттық оқиғасы Астана қаласының туған күніне орай өтетін түрлі мерекелік іс-шаралардың бастамасы болмақ», - делінген «Қазақстан Барысының» ресми сайтында. 

Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирінде «Алтын белбеу» мен «Тайтұяқтың» ғана емес, сонымен қатар Hyundai Elantra автокөлігінің иесі де анықталады. 

«Су жаңа көлікті ұтып алғыңыз келсе, бағасы 1000/3000/5000 теңге тұратын билеттерді сатып алыңыз! Көрермендерді темір тұлпардан бөлек түрлі тосынсый күтуде. Әрине, ең басты тартыс кілемде өтеді. Батырыңды қолдауға кел де, көлік ұтып ал!», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу