WSB. Мейірім Нұрсұлтановтың жолы болмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Мейірім Нұрсұлтановтың жолы болмады

18.01.2014
WSB. Мейірім Нұрсұлтановтың жолы болмады
69 келі салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов әзірбайжандық Яухени Рамашкевичпен жұдырықтасты. Бұл екеуі де Дүниежүзілік бокс сериясының жобасына биыл ғана келген боксшылар. Алдыңғы жекпе-жекте әзірбайжандық боксшы ресейлік Александр Беспутиннен жеңіліп қалды.
 
Ал, Мейірім ресейлік клубпен болған кездесуде Александр Ивановты ұтып, «арландардың» жеңісіне айтарлықтай үлес қосты. Бұл жекпе-жекте  Мейірім Нұрсұлтановтың жолы болмады. Төрешілер Яухени Рамашкевичтің қолын көтерді. Бұл жеңістен кейін әзірбайжандық команда мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Есеп 3:0.

Хабарламаларға жазылу