Мейірім Нұрсұлтанов чемпиондық белбеуін қорғап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейірім Нұрсұлтанов чемпиондық белбеуін қорғап қалды

15.04.2023

Бұл Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен кездесуге сол елдегі қазақтар тұтас жиналып, жерлесімізге қолдау көрсеткен сәті. Бокстан орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жапондық Кадзуто Такесаконы 8-раундта нокаутпен жеңді. Осылайша, «WBO International» чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Қазақстандық спортшы сәтті сериялармен жойқын шабуылдарға жиі шықты. Жапондық боксшы 8 раундқа дейін жылдам ес жиып, соққыларға қарсы тұра білді. Бұл Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіпқой бокстағы 19-жеңісі.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу