Мейірім Нұрсұлтановтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейірім Нұрсұлтановтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгіленді

19.10.2023

Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін 17 қарашада өткізетіні белгілі болды. Ол WBC конвенциясы аясында Ташкент қаласындағы «Хума Аренада» өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Ал Мейірімнің қарсыласы жуырда белгілі болмақ. Әлемдік рейтингтегі көшбасшылардың бірі екені айтылды.

Айта кетейік, отандасымыз жуырда ғана WBC нұсқасы бойынша 2023 жылдың «ең үздік боксшысы» атанды.

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу