«Астана арландарының» алғашқы күні жолы болмады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландарының» алғашқы күні жолы болмады (ВИДЕО)

10.09.2014
«Астана арландарының» алғашқы күні жолы болмады (ВИДЕО)

Қазақстандық «Астана арландары» Астанада өтіп жатқан «Чемпиондар тартысы» бәсекесінің алғашқы күнінде «Cuba Domadores» командасына ұтылып қалды.

«Чемпиондар тартысы» турнирінің алғашқы жекпе-жегінде Мардан Берікбаев (49 келіге дейін) Сантьяго Амадорды ұтты. Алайда, осыдан кейін қалған жекпе-жектерді кубалық боксшылар жеңіске жетті.

Екінші жекпе-жекте Бағдат Әлімбеков (56 келіге дейін) 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Робейси Рамирестен ұтылды. Ал Асхат Уәлиханов (64 келіге дейін) Ясниер Толедоға, Ерік Әлжанов (75 келіге дейін) Арьен Кардонға есе жіберді.

Соңғы жекпе-жекте 91 келіге дейін салмақта жұдырықтасатын Эрисланди Савон мен Алмат Серімов кездесті. Бес раунд қорытындысы бойынша қазылар жеңісті кубалық боксшыға берді.

Осылайша, «Чемпиондар тартысы» турнирінде «Cuba Domadores» командасы 4:1 есебімен алға шықты. Жекпе-жек ертең жалғасады.

Фото: vk.com/kazboxing

Хабарламаларға жазылу