«Astana Arlans»-тың үш боксшысы WSB рейтингінде 1-ші орынға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Arlans»-тың үш боксшысы WSB рейтингінде 1-ші орынға көтерілді

11.01.2014
«Astana Arlans»-тың үш боксшысы WSB рейтингінде 1-ші орынға көтерілді
Қазақстандық «Astana Arlans» командасының боксшылары Мейірболат Тойытов (56 келі), Асхат Уәлиханов (64 келі) және Василий Левит (91 келі) Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) рейтингінде бірінші орынға шықты.
 
Бірінші орында «арландардың» хорватиялық легионері Филип Хргович (+91 келі) те бар. Сонымен қатар, 49 келі салмақтағы тағы бір «арлан» Мардан Берікбаев жекелей рейтингте екінші сатыға көтерілді. Ал Сергей Деревянченко мен Мейірім Нұрсұлтанов өз салмақтарында үшінші орында тұр.

WSB рейтингі әр жекпе-жек сайын жаңартылады. Әр салмақтың көшбасшылары Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Польшаның Вышкув қаласында «Astana Arlans» «Poland Hussars» командасын 4:1 есебімен ұтты. Сергей Корчинский шәкірттері 18 қаңтарда сырт алаңда әзірбайжандық «Baku Fires» командасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу