«Астана арландары» мен «Hussars Poland» клубы шаршы алаңға шығатын боксшылар тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» мен «Hussars Poland» клубы шаршы алаңға шығатын боксшылар тізімін жариялады

12.03.2015
«Астана арландары» мен «Hussars Poland» клубы шаршы алаңға шығатын  боксшылар тізімін жариялады

Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» мен польшалық «Rafako Hussars Poland» клубы жекпе-жекке шығатын  боксшылар тізімін жариялады.

49 кг: Жомарт Ержан - Ягодзинский Давид Себастьян
56 кг: Меирболат Тоитов - Козловский Сильвестр Гржегорж
64 кг: Самат Бәшенов - Леговский Казимир Гржижтов
75 кг: Мейірім Нұрсұлтанов - Яблонский Томаш
91 кг: Василий Левит - Якубовский Игорь Павел

Сегізінші турдан кейін «Астана арландары» 24 ұпаймен «В» тобында жекедара көш бастап келеді. Ал, «Rafako Hussars Poland» бокс клубы 10 ұпаймен жетінші орында келеді.

Өткен турда «арландар» сырт алаңда «Caciques Venezuela» клубын 3:2 есебімен ұтқан болса,  польшалық «Рafako Hussars Poland» клубы «Puerto Rico Hurricanes» боксшыларын жеңген.

«Астана арландары» мен «Рafako Hussars Poland» клубы арасындағы жекпе-жек 14 наурыз күні Шымкент қаласында өтеді. 

Хабарламаларға жазылу