Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу

28.04.2024

Ал енді Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталған 33 сессиясы туралы.

Президенттің сөзі бағдарламалық дейді ғой, сондай болды. 

Шартты түрде бөлсек, алдымен рухани бағытта, идеологиялық реңкте әңгіме өрбітті. 

Сөзін «Осыған дейін де айттым, жойқын су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету – дәл қазір Президент ретінде менің алдымда тұрған аса маңызды міндет» деп бастағанын айта кетейік. 

Астана халықаралық форумын өткізбейтінімізді, кейінге қалдыра тұруға болатынына тоқталды. Ал ассамблея жиыны ел үшін керек дегенге келтіріп, «Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті.

Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді.Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Соның арқасында 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 45 мыңға жуығы – балалар. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық деді Президент.

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ешкім елеусіз қалмайды. Мемлекет шығынды түгел өтейді. Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды. Мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізіледі. Әрине, маңдай термен тірнектеп тапқан дүние-мүлікті бір сәтте жоғалту оңай емес. Мен мұны түсінемін. Зардап шеккен азаматтарға тағы да айтамын: бүкіл халық – сіздермен бірге. Көп ұзамай баршаңыз қалыпты өмірге қайта ораласыздар. Ол үшін мемлекет бәрін жасайды.

Еліміз қарқынды дамуы үшін ондаған жыл бойы қордалаған көптеген мәселені шешуіміз қажет. Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз. Дәл сол себепті Ассамблеяның бүгінгі сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғана емес, барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіреді. Басты миссиямыз – жасау, құру, жүзеге асыру.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Біз Құрылтайдың Атыраудағы отырысында негізгі идеологиялық тұжырымдарды жинақтап, жүйелеп алдық. Жалпыға ортақ құндылықтарды айқындадық. Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық. Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ. Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік. Сондай-ақ – Заң және Тәртіп. Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік. Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық. Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз.

Мұнан соң Құрылтайда айтылған жалпыұлттық доктрина, яғни тұғырнама жетекші қоғамдық институттардың барлығы қолдаса ғана толық жұмыс істей алатынына тоқталып, ондағы негізгі қағидаттарды орнықтыру ісінде Ассамблея басты рөл атқаруға тиіс деп пайымдады.

Мындай ойымен бөлісті:Өскелең ұрпақтың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен, догматизмнен және мәдени стереотиптерден ада болуға тиіс. Олардың дүниетанымы өткенді, бүгінді және болашақты біртұтас ұлтымыздың еш бөлінбейтін ортақ мұрасы ретінде эмоциясыз, саяси астарсыз шынайы қабылдауға негізделуі өте маңызды.

Тасқын қиратқан қалалар мен ауылдарды қалпына келтіруде қаржы үнемдеуге болмайды. Жылдар бойы жинаған қорымызды халық игілігінежұмсамасақ оның керегі не? Ассамблеяның отырысы кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Менің тапсырмаммен мемлекеттік материалдық резервті пайдалануға рұқсат берілді. Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Қоғам белсенділері және волонтерлер гуманитарлық көмек жинауды қолға алды. Халқымыздың ынтымағы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі осы кезде айқын көрінді.

Иә, асар - қазақтың қанында қашаннан бар қасиет. Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Бір-біріне шынайы жанашыр бола білді.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Мұндай ауыр апат кезінде ел бірлігі сыналары анық. Ал, Қазақстан халқы сын сағатта жұдырықтай жұмыла білді. Тура осылай халықтың жинаған жылуы тасқын суға тап болған аймақтарға еліміздің әр өңірінен толассыз жіберіліп жатты. Әлі де тоқтаған жоқ.

Бұл тұста ассамблеяның да атқарған шаруасы аз емес. Топан су ауылдарға кірген алғашқы күндері-ақ жылу жинап бастаған.

Александр Урмашов, «Ассамблея жастары» ұйымының Қарағанды облысындағы өкілдігінің төрағасы:

Су тасқыны енді басталған кезде Қарғанды облысы, Шет ауданына ең бірінші болып, ассамблея атынан гуманитарлық көмек жетті. Мен осы сәтте қазақстандықтардың бірлігін сезіндім. Елдің жұмылып менің жерлестеріме қамқорлық жасап жатқаны маған қатты әсер етті. Кейін өз жерімде жағдай тұрақтала сала волонтер ретінде солтүстік Қазақстанға аттандым.

Бірлік пен достықты жалау еткен Қазақстан халқы ассамблеясы борышын атқара білді.

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында 1,5 мың тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданды. Оның жалпы сомасы шамамен 770 миллион теңге болды. Су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылды.

Акбаржон Исмаилов, Республикалық тәжік этномәдени орталығының төрағасы:

Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей қазір Ассамблея меценаттары зардап шеккен елдімекендерді қалпына келтіру жұмыстарына да кірісіп кетті. Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан облысына 14 вагон цемент жөнелтілді. Және 5 үй тұрғызып бермек.

Қалпына келтіру жұмыстарына ірі кәсіпкерлер де қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әрбір елді мекен жұртқа жәрдем беруге ниет білдірген ірі кәсіпкерлерге бекітіліп беріледі. Сонда олар өздері бөлген қаржының қайда жұмсалып жатқанын нақты көре алады. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмысын өзім жеке бақылауға аламын.

Ал өкімет барлық міндетін орындайды. Президент халықпен әр кездесуінде осыны шегелеп айтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ең алдыменазаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақытөленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспанаберіледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің 5-ақ айында аяқталуға тиіс. Бірақ біз бірлесіп, бұлшаруаны абыроймен атқарып шығамыз депсенемін. Тағы да қайталап айтамын: осы қиын-қыстау кезде ешкім ескерусіз қалмайды. Мемлекет барлық міндеттемесін толықорындайды»

Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар қауіпсіз жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Өйткені үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі, - деді Президент.

Нұрболат Құрметұлы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Өмір сапасы орталығы директоры:

Бұл бір ауыл халқының өмір сапасынкөтерудің бір мүмкіндігі деп ойлаймын. Өйтені су басқан ауылдардағы халықты Көршіауылдарға, экономикалық әлеуеті жоғарырақауылдарға, қалаларға көшіру мүмкіндігі депойлаймын. Үлкен елдімекендер бұлмүмкіндік деп ойлаймын. Өйтені бұрын барлықжерлерде де мысалы ондай ауылдарда ауыз суға, инфроқұрылымда ауылдың қолжетімділігітөменірек болса, қазір қалпына келтіру жұмыстарыкезінде барлығы жаңадан салынатын болады.

Апат айтып келмейді. Бірақ, қайтып келеді. Сондықтан болашақта осындай жойқын тасқындардың алдын алу үшін мемлекет пен ғылым ықпалдастығы түзілетін болды. Мәселен, кезіндегі белгілі Қазақ гидромелиорация-құрылыс институты қайта құрылады.

Оразхан Қарлыханов, гидротехник-ғалым:

Бұрын әр 1000 га жерге 1 гидротехник қажетболатын. Қазір 5 мың гА жерге, суармалы жерге 1 гидротехниктің өзі кейде бар кейде болмай қалады. Ол содан туындайды. Суды өлшеу мәселесі. Келер судағы судың сапасын қадағалап отыру мәселесі. Енді қазір тапшылықпен қатар көктемде су тасумәселесі. Оны да басқарып отыратын, қадағалапотыратын бәрі маман. Мамансыз бұл процесстержөнделмейді.

Сондай-ақ Алматыдағы Сейсмология институтының әлеуеті күшейеді. Климат өзгерістерін зерттеуге айрықша назар аударылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Су шаруашылығы саласын басқару жүйесі, оныңішінде «ҚазСуШар», «Нұра топтық су құбыры» сияқты компаниялар да түгел қайта құрылады. Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөгенсалынады, тағы 15-іне күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда 134 елді мекенді су басу қатері едәуір азаядыдеген есеп бар.

Біз бұл сынақтан бұрынғыдан да мықты болып шығатынымызға сенімдімін. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақта «Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады» деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. «Әр қиындықтың қайыры бар» дейді халқымыз. Біріншіден, тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Осындай жіберіліп жатқан гуманитарлық көмекті жай ғана азық түлік не керек-жарақ деп қабылдай алмайсың. Осындай әр қорапта қажетті затпен қатар дүйім жұрттың көзге көрінбейтін бірақ, сезілетін ақ жүрегі бар.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу