«Астана арландары» «Italia Thunder» клубына қарсы жұдырықтасатын боксшылар тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» «Italia Thunder» клубына қарсы жұдырықтасатын боксшылар тізімін жариялады

26.02.2015
«Астана арландары» «Italia Thunder» клубына қарсы жұдырықтасатын боксшылар тізімін жариялады

Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» «Italia Thunder» клубымен жұдырықтасатын боксшылар тізімін жариялады.

49 кг:  Теміртас Жүсіпов - Барнс Патрик

56 кг:  Қайрат Ералиев - Конлан Майкл Джон

64 кг:  Асхат Уәлиханов - Мангиакапре Винченцо

75 кг:  Мейірім Нұрсұлтанов - Мунно Рафаэль

91 кг:  Василий Левит - Спахиу Эндри

V маусымның алтыншы турынан кейін «Астана арландары» 18 ұпаймен «В» тобының көшін бастап келеді. Ал, «Italia Thunder» бокс клубы 12 ұпаймен үшінші орында.

Өткен турда «арландар» аргентиналық «Argentina Condors» клубын 5:0 есебімен ұтқан болса, «Italia Thunder» венесуэлалық «Caciques Venezuela» клубын 4:1 есебімен жеңген.

«Астана арландары» мен «Italia Thunder» арасындағы  жекпе-жек  28 ақпан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. 

Хабарламаларға жазылу