Астанада С. Сейфуллин көшесінде жаңа тұрғын үй кешендерін пайдалануға беруге байланысты және тұрғындардың өтініштері бойынша 2015 жылдың 23 наурыздан бастап №34 қалалық автобустың қозғалыс схемасына келесідей өзгерістер енгізіледі:
Бастапқы пункт Көктал-2 т/а «Ақан сері» көшесі аялдамасына дейін Н. Тілендиев даңғылының бойымен өзгеріссіз қатынайды, одан әрі Н. Тілендиев даңғылы - Ш.Бейсекова көшесі - С. Сейфуллин көшесі, одан әрі қазіргі қозғалыс схемасы бойынша жүреді.
Теміржол т/а тұрғындарының өтініші бойынша 2015 жылғы 23 наурыздан бастап №22 автобустың қозғалыс схемасына ішінара өзгерістер енгізіледі:
Бастапқы пункт Теміржол вокзалынан «Қобыланды батыр» көшесі аялдамасына дейін Р. Қошқарбаев көшесінің бойымен өзгеріссіз жүреді, одан әрі Р. Қошқарбаев көшесі - Жаңажол көшесі - Ж.Жабаев көшесі - соңғы аялдама «Теміржол т/а». Автобус аталған схема бойынша кері қайтады.
Рысқұлбеков көшесінің бойындағы жолдың және қауіпсіздік жағдайының нашар болуына орай жолаушыларды үзіліссіз және қауіпсіз тасымалдау мақсатында 2015 жылғы 23 наурыздан бастап №9 автобустың қозғалыс схемасына келесідей ішінара өзгерістер енгізіледі:
Ш. Құдайбердіұлы көшесінен Абылай хан даңғылы аралығындағы қозғалыс Рысқұлбеков көшесінен Мүсірепов көшесіне дейін ауыстырылады. Автобус аталған схема бойынша кері қайтады.