Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
«Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі. Сондықтан мәселеге – ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарауымыз керек. Бұл бірінші кезекте халық үшін маңызды». Осылай деген Құрылтай депутаты Дана Медеуова медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен кепілдіктері туралы жеке заң әзірлеуді ұсынды. Депутат «дәрігер» атауын заңмен қорғауды, ал оның еңбекақысын біліктілігіне қарай есептеуді сұрады.
«Дәрігер мәртебесін нығайту – медицина қызметкерлерін қолдаумен қатар, әрбір пациентке көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қосымша кепілдік беру» деген депутат пандемияның басты сабағын ұмытпауды да еске салды. «Яғни медициналық жабдықты сатып алуға болады, дәрі-дәрмекті өндіруге немесе басқа елдерден алдыртуға болады, алайда елге қауіп төнгенде, ақ халатты абзал жандарсыз қауқарсыз екенімізді ескеруіміз қажет», – деді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы