Басты Жаңалықтар XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады

XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен XX жазғы Азия ойындары аяқталды. Еліміздің спортшылары 12 алтын, 24 күміс, 48 қола медаль алды. Жалпы есепте 8-орындамыз. Бірінші орында, әрине, Қытай. 169 алтын медаль алған. Одан кейін Жапония, Корея Республикасы, Үндістан, Өзбекстан, Иран, Таиланд. Жалпы 46 команда қатысты. Спорттың 43 түрінен 71 бағдарлама бойынша жарыс ұйымдастырылып, 469 медаль жиынтығы сарапқа салынды.


Бөлісу