Қожеке Назарұлының күйлері уақыт тынысын, зұлымдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік сияқты өзара кереғар қасиеттердің аражігін тап басып, айқын аңғартады.
Зерттеуші Мұхамед Ханафиннің мағлұматтарына қарағанда, Қожеке Назарұлының жүзден астам күйі бар. Күйшінің бұл туындыларын екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі – күйшінің өз өмірінің әр кезеңін қамтитын шығармалары. Екіншісі – көне Үйсін заманынан сыр шертетін «Қамбар ханнан» бастап, қазақ халқының тарихи-әлеуметтік өмірінен, тұрмыс-салтынан елес беретін күйлері.
Қожеке Назарұлының «Жиренше», «Жиреншеге Қарашаштың қазасын естірту», «Жиреншенің Қарашашты жоқтауы» сияқты топтамалары мен «Көроғлы сұлтан», «Біржан Сара», «Стамбұл», «Мұңлық», «Нұрғазарын бұлбұл», «Аққу», «Күй шақыртқы», «Ағарсынның ақ толқыны», «Арман», «Байекеңнің естіртуі», «Балаларыма» «Балам -ау», «Бозжігіт», «Бөлтірік», «Біржан сал», «Кертолғау», «Күй бастар», «Қос келіншек», «Сайрам көл» және т.б. күйлері бар.
Қожеке Назарұлы күйлерінің шығу тарихы қандай? Орындаушылары кім? Бүгін 13.50-де «Телқоңыр» бағдарламасынан көріңіз.