Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады. Абай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қауіп жоғары деп бағаланып отыр. Құтқарушылар су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын күшейтіп жатырмыз деді. Алдын алу жұмыстары аясында 800 шақырымнан астам бөгет салынып, 20 мың текше метрден астам су шығарылды. Одан бөлек 15 мыңнан астам қап төселіп, шамамен 500 тонна инертті материал пайдаланылды. Алдағы күндері ауа температурасының жылынуына байланысты құтқарушылар қарқынды жұмыс режиміне көшетіндерін айтты.
Айдос Әлиев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі басқарма басшысы:
Облыс бойынша 830-ден астам қорғаныс бөгендер мен дамбалар салынды. Тасқын қаупі наурыз айының соңынан басталса, сәуір айында пик деп санауға болады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14