Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Алматыда жаңа Конституция жобасы ғылыми және қоғамдық қауымдастық өкілдерімен талқыланды. Шараға сарапшылар, ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуде сөз алған қала әкімі Дархан Сатыбалды негізгі заңды жаңарту елдің дамуына жаңа мүмкіндік беретінін айтты. Әкімнің сөзінше, қазіргі кезеңде ғылым, білім және технология мемлекет дамуының басты факторына айналып отыр. Сондықтан жаңа Конституция жобасы елдің зияткерлік әлеуетін арттырып, ғылыми зерттеулерді қолдауға және инновациялық экономиканы дамытуға негіз болады. Жиын барысында қатысушылар конституциялық өзгерістердің қоғам бірлігін нығайтуға серпін беретінін атап өтті.
Дархан Сатыбалды, қала әкімі:
Бүгінгі таңда әлемде ғылым мен білім, технология шешуші факторларға айналып отыр. Сондықтан жаңа Конституция еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайтуға, ғылыми зерттеу қызметін қолдауға, инновациялық-экономикалық дамытуға және мәдениеттің өркендеуіне берік негіз қалайды деп сенеміз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07