Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
2023 жылдан бері елде ана өлімі 35 пайызға, сәби өлімі 20 пайызға азайған. Бұл туралы Президент Мәслихат депутаттарының республикалық форумында айтты. Елімізде өмір сүру ұзақтығы да алғаш рет 75,9 жасқа жетті. Бұл – осы аймақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін соңғы жеті жылда 1259 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 нысан бой көтерді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Былтыр Астанада науқастарды емдейтін Протондық терапия орталығы ашылды. Бұл – біздің аймақтағы теңдессіз нысан. Сондай-ақ өткен жылы «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды. Әйелдердің денсаулығын қорғауға арналған бұл бағдарламаның да мән-маңызы айрықша. Менің тапсырмаммен 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын білесіздер. Соның аясында жыл сайынғы бөлінетін квота саны 7 есе артты, яғни 1 мыңнан 7 мыңға дейін көбейді. Бүгінде 11 мыңнан астам сәби осы ЭКО тәсілімен дүниеге келді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00