Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының республикалық форумында: «Миллиондаған азаматымыз, соның ішінде ауылдағы ағайын үшін автокөлік жолы, шын мәнінде, «өмір жолы» саналады», - деді. Осылайша жергілікті жолдар назардан тыс қалмайтынын шегелеп айтты.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда 1500 шақырымнан астам жол жөнделді. Соның ішінде ауылға кіреберіс жол мен ауылішілік көше жолдары да бар. Бұған қазынадан 258 млрд теңгеге жұмсалды. Ал жалпы ел көлемінде атқарылған жұмыс пен алдағы жоспарды бір шолып өтсек. Қазақстанда 95 мың киллометр автомобиль жолы бар. Оның ішінде 25 мың шақырымы республикалық, 70 мыңы облыстық және аудандық жол. Былтыр жалпы ұзындығы 13 мың, оның ішінде жергілікті маңызы бар 3 мың шақырым тас жол жөндеуден өтті. Биыл тағы 2 300 шақырымға созылатын жергілікті жолдар жаңғыртылады. Алдағы үш жылдың ішінде осындай 32 мың киллометр жол нормативтік талапқа сай болмақ.
Облыстың Тасқала ауданына қарасты елді мекендердің көпшілігінде кіреберіс және ауылішілік жол салынған.
Рауан Рахметуллин, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары:
Кіреберіс жолдардың 80 шақырымы асфальтталып тұр, ал ауылішілік жолдың 53 шақырымы асфальтталды. Биыл бізде кіреберіс жолдарға қиыршықтас төсеу жұмыстары болады. Ақтау ауылдық округіне қарасты Ақкүтір елді мекеніне 13 шақырым және Достық ауылдық округінің Бастау елді мекеніне 7,5 шақырым жол салынады. Қазіргі уақытта жұмыстар басталып, тиісті материалдарды тасып жатыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09