Басты Жаңалықтар Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды

Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды

Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды. Бұл аймақтардың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатына оң әсер етті.  Мемлекеттің жүйелі жұмысының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласына әлемдегі озық компаниялар қызығушылық таныта бастады. Мысалы, шетел инвесторларының атсалысуымен Алматы, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында шикізатты терең өңдейтін және азық-түлік шығаратын ірі кәсіпорындар іске қосылады. Бұл жобаларға 1 миллиард доллардан астам қаражат салынды. Айта кету керек, былтыр шаруаларға жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Президент агроөнеркәсіп секторын жан-жақты дамыту мемлекет саясатындағы негізгі басымдық болып қалатын айтты. Өйткені 7,4 миллион азаматтың тұрмыс-тіршілігі, яғни тұрғындардың 36 пайызы және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты.

Бөлісу