Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас. Яғни ел болашағына жауапты шешім қабылдап отырғандардың көпшілігі – жас ұрпақ. Сондықтан азааттардың референдумға белсенді қатысып, өз болашағы үшін дауыс беруі маңызды. ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенко осылай деп пікір білдірді. Мұның барлығы елдің тұрақты дамуына, қоғам әл-ауқатын арттыруға және Қазақстанның жарқын әрі әділетті болашағын қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді.
Игорь Петришенко, ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары:
Референдум – халықтың өз болашағын айқындайтын маңызды таңдау. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы азаматтар елдің даму бағытына тікелей ықпал етеді. Бұл – демократияның басты қағидаты. Өйткені мемлекет ұсынған бастамалар халықтың қолдауымен ғана жүзеге асады. Референдум нәтижесі мемлекеттік институттарға нақты мандат беріп, басқару жүйесін жетілдіруге, заңнаманы жаңартуға және қоғам дамуына жаңа серпін береді. Яғни бұл – Қазақстанның тұрақты дамуы мен әділетті болашағына жасалған ортақ қадам.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00