«Қаллеки» театрының ХХІV жаңа маусымы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театрының ХХІV жаңа маусымы ашылады

07.10.2014
«Қаллеки» театрының  ХХІV  жаңа маусымы ашылады

8  қазан  күні  Қалибек Қуанышбаев  атындағы  мемлекеттік  академиялық  қазақ музыкалық драма  театры   ХХІV жаңа маусымның ашылуына орай баспасөз конференциясын өткізеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Оған ҚР Халық әртісі, профессор, театрдың көркемдік жетекшісі – Талғат Теменов,  ҚР Халық  әртісі  Гүлжан  Әспетова; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Әлімбек Оразбеков,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,  театр директоры -  Болат  Ұзақов қатысады.

Жаңа  маусым шымылдығы сол күні сағат 18.30-да  М.Әуезовтің  «Абай»  трагедиясымен  ашылмақ.  

Хабарламаларға жазылу