Астанада «Сәкен сұңқар» атты тарихи трагедиялық драмасының премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Сәкен сұңқар» атты тарихи трагедиялық драмасының премьерасы өтеді

25.09.2014
Астанада «Сәкен сұңқар» атты тарихи трагедиялық драмасының премьерасы өтеді

Астана қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүнісовтің «Жас қала, жас қаламгер» атты шығармашылық апталығының аясында 27-ші қыркүйек күні сағат 18.30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына орай драматург қаламынан шыққан «Сәкен сұңқар» атты тарихи трагедиялық драмасының премьерасы  көрерменге жол тартпақ.

Спектакльдің қоюшы режиссері – Әлімбек Оразбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

Аталмыш қойылым ел құрметіне ие болған сырбаз Сәкеннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді.

Сондай-ақ, қазан айының 8-ші жұлдызында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының XXIV жаңа маусымы ашылып, көрерменімен қауышады. Маусымның алғашқы қойылымы жылдағы дәстүр бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясымен  (қоюшы режиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Әлімбек Оразбеков) ашылады. 

Хабарламаларға жазылу