«Қаллеки» театрының кезекті маусымы жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театрының кезекті маусымы жабылды

01.07.2016
«Қаллеки» театрының кезекті маусымы жабылды

«Қаллеки» театры кезекті демалысына шықты. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 25-ші маусымы «Абай» трагедиясымен жабылды.

Ұжым үшін бұл кезең табысты әрі тың жаңалықтарға толы болды. Осы уақыт аралығында жалпы 7 қойылым сахналанған. Көрермендерге «Қараш-Қараш», «Аққудың көз жасы», «Жұт», «Сара», «Есігімді қаққан кім?», «Шие» және «Сүрінген сүрбойдақ» премьералары тарту етілген.

Бұдан бөлек, өнер шаңырағы «Золотой Витязь» сынды байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу