Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың жаңа маусымы ашылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың жаңа маусымы ашылды (ФОТО)

08.10.2014
Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың жаңа маусымы ашылды (ФОТО)

Бүгін Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының XXIV жаңа маусымы ашылды. Осыған орай театрда баспасөз мәслихаты өтті.

Оған ҚР Халық әртісі, профессор, театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Теменов, ҚР Халық әртісі Гүлжан Әспетова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Әлімбек Оразбеков және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры Болат Ұзақов қатысты.

Қатысушылар театрдың жетістіктерін айта келіп, жаңа маусымда көрерменге ұсынылар туындыларға тоқталды.

Жаңа маусым шымылдығы М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашылды. Туындының қоюшы режиссері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері  Әлімбек Оразбеков.

Тағы бір айта кететін жаңалық, биылдан бастап «Қаллеки» театрының актері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Нұрланов атындағы жүлде тағайындалып, жас актерлерге жыл сайын ұсынылып отырады.

Бұл жүлде Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, білім меценаты, ҚР білім беру ісінің құрметті азаматы - Бекзат Қомарұлы Алтынбеков мырзаның қолдауымен жүзеге аспақ.

Ал, алғашқы жүлдені театр әртісі Сая Тоқманғалиева иеленді.

Хабарламаларға жазылу