Бүгін Астанада «Қаллеки» театрының жаңа маусымы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада «Қаллеки» театрының жаңа маусымы ашылады

08.10.2014
Бүгін Астанада «Қаллеки» театрының жаңа маусымы ашылады

Бүгін Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры өзінің 24-ші маусымын ашпақ. Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жанат Чайкина «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бүгін маусымды «Абай» спектаклімен ашпақпыз. Біздің актерлер үлкен серпіліс үстінде. Театрымызда үлкен жаңалықтар болды. Болат Ұзақов директор болып тағайындалды, Талғат Теменов ағамыз көркемдік жетекші болып келді. Осылайша, біз жаңа белестерге жетеміз деген ниеттеміз»,-дейді Жанат Чайкина.

«Қандай ұжымға болсын, жаңа басшы келген кезде өзгеріс енгізгісі келеді. Талғат ағамыздың да үлкен жоспарлары бар екен. Театрдың да жетістіктері аз емес. Академиялық болып аталғанға дейін талай белесті еңсердік. Шығаршылық үнемі өсу керек. Осы тұрғыдан алғанда, биылғы маусымда алдымызға үлкен жоспарлар қойып отырмыз. Соны сәтімен орындаймыз деген ой бар»,-дейді Болат Ұзақов.

Театрдың өзге де жаңалықтары, жоспарларымен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу