«Қаллеки» театры 24-ші маусымын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театры 24-ші маусымын бастады

09.10.2014
«Қаллеки» театры 24-ші маусымын бастады

Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев Мемлекеттік драма театры 24-ші маусымын бастады. «Қаллеки» театрының биылғы жетістіктері аз емес.

Мәселен, Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан театрларының XXII  Республикалық фестивалінде Халық әртісі Гүлжан Әспетова арнайы жүлдені иеленген болатын.

Театрдың басшылығы өзгеріп, ұжым жаңа құраммен толықты. Маусымның шымылдығы атақты «Абай» қойылымымен ашылды.

Айғаным АЛИПОВА

Хабарламаларға жазылу