Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде бір күн демалады
Биыл Құрбан айттың бірінші күні 4 қазан, сенбі күніне тура келеді. Бұған қарамастан, демалыс күні келесі жұмыс күніне көшірілмейді.
ҚР «Мерекелер туралы» заңына сәйкес Құрбан айт діни мереке болып саналады, ал демалыс күнімен сәйкес келгенде тек ұлттық және мемлекеттік мерекелер ғана ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар бір күн демалады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінене сілтеме жасап astana.kz сайты хабарлады.
Мереке Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң үш күн бойы тойланады. Мұсылман қауымы қой, сиыр немесе түйені құрбандыққа шалып, жетімдерге, тұрмысы төмен отбасыларға және қарт адамдарға таратады.
Мерекенің бірінші күні мешіттерде айт намазы оқылады, адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, дастарханға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде газдандыру деңгейі 64,2 пайызға жеткен
19.06.2026, 20:17
Алматының бас жоспары өзгереді: Қала қандай болмақ?
19.06.2026, 20:17
Семей полигоныннан зардап шеккендерді қолдау мәселесі қаралды
19.06.2026, 20:16
Азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
19.06.2026, 20:15
Туристер үшін арнайы сайт іске қосылды
19.06.2026, 20:15
Жастар экологиялық мәдениетті насихаттады
19.06.2026, 20:14
Бүгінге жоспарланған АҚШ-Иран келіссөзі өтпейтін болды
19.06.2026, 20:13
ТМҰ жоғарғы соттарының 2-конференциясы өтті
19.06.2026, 20:12