Жастар экологиялық мәдениетті насихаттады
Талдықорған жастары әсем табиғаттың көрінісін бейнелеп, қала тұрғындарын тазалыққа үндеді. Сондай-ақ «Қалдықтарды жеміс-жидекке алмастыр» атты акция өткізді.
Ерекше іс-шара Талдықорған қаласының тіршілігі қайнаған көшелерінің бірінде ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында өткен бастамаға 20-дан астам мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысты. Олар арнайы баннерде туған жердің көркін бейнелейтін суреттерді түрлі түске бояп, өз өнерлерін көрсетті. Осы арқылы жастар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын көрсетіп, табиғатқа жанашырлықтың үлгісін танытты. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, тазалық құндылықтарын дәріптеуге ықпал ететінін айтады.
Аида Ақан, студент:
Біз жастар, табиғатты қорғауымыз қажет. Себебі қазірден бастап істеп жатқан ісіміз – ол келешекте қайтадан өзімізге айналып келетін дүние. Сондықтан қазірден бастап табиғатты аялап, өзіміз сүюіміз қажет деп ойлаймын.
Әділет Әлмекеев, ұйымдастырушы:
Өскелең ұрпақтарымызға қоқыс тастап, өзіміздің артымыздан қалдық қалдырудың өте жөн нәрсе емес екенін және де осындай қоқысты жеміс-жидекке ауыстыруға үйрету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы