Басты Жаңалықтар Бүгінге жоспарланған АҚШ-Иран келіссөзі өтпейтін болды

Бүгінге жоспарланған АҚШ-Иран келіссөзі өтпейтін болды

Швейцарияның Бюргеншток қаласында бүгінге жоспарланған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз өтпейтін болды. Мұны Швейцарияның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Себебі тараптар техникалық келіссөздердің нақты жоспарына қатысты келісімге келе алмаған. Бұған дейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Иранмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою үшін Швейцарияға бармайтынын айтқан еді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздің өтпеуіне Вашингтон емес, Тегеран кінәлі деп мәлімдеді. Ақ үй басшысы бұл туралы әлеуметтік желіде жазған. Трамп бұған қоса АҚШ пен Иран арасындағы 60 күндік бітім күшінде болатынын да айтты. Оның үстіне америкалық әскерилер Иран порттарын блокададан босатқанын мәлімдеді. Ормұз бұғазы қайта ашылып, танкерлер қатынай бастады. Ал Тегеран жағы келіссөздің  өтпеуіне қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен BBC-дің хабарлауынша, Израиль Ливанның оңтүстігіне қайта соққы берген. Кей мәліметтерге қарағанда, бүгінгі АҚШ-Иран келіссөзіне осы шабуыл кедергі келтірген болуы мүмкін.


Бөлісу