Семей полигоныннан зардап шеккендерді қолдау мәселесі қаралды
Семей полигонының жабылғанына 35 жыл. Алайда сынақтардың зардабы әлі де таусылған жоқ. Сенатта өткен «Естелік, жауапкершілік, болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстелде зардап шеккен азаматтарды қолдау, полигон аумақтарын экологиялық қалпына келтіру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ радиацияның ұзақ мерзімді салдарын зерттеу, Қазақстанның ядролық қарусыздану бағытындағы халықаралық бастамалары талқыланады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Үкіметке, мемлекеттік органдарға және халықаралық серіктестерге арналған нақты ұсыныстар енгізілген қарар қабылдады. Негізгі мақсат – Семей полигонының тарихи маңызын сақтау және зардап шеккен өңірлерді дамытуға бағытталған жаңа шешімдер әзірлеу.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Полигон жабылғанымен оның радиациялық, экологиялық, медициналық және әлеуметтік салдары әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Қолданыстағы заңнамалық база соның ішінде зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қолдау туралы заңдар уақыт талабына сай қайта қарауды, тиімділігін арттыруды қажет етеді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08
Жалпыұлттық онлайн-марафон өтті
24.08.2026, 10:07
Партия жетекшілері сайлау қорытындысын оң бағалады
24.08.2026, 10:06
Exit poll нәтижесі
24.08.2026, 10:04
Байқаушы: Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған
24.08.2026, 10:02
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
24.08.2026, 10:02
Соңғы сайлау учаскесі жабылды
24.08.2026, 10:00