Басты Жаңалықтар Елде газдандыру деңгейі 64,2 пайызға жеткен

Елде газдандыру деңгейі 64,2 пайызға жеткен

Жыл өткен сайын елде табиғи газға қол жеткізген тұрғындар саны артып келеді. Энергетика министрлігі бүгінде газдандыру деңгейі 64 проценттен асқанын хабарлайды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Астана мен қала маңында орналасқан бірнеше елдімекенге газ тартылмақ.
Мына картаға қарасаңыз қай өңірдің қанша процентке газбен қамтылғанын көруге болады. Батыс және оңтүстік аймақ тұрғындары көгілдір отынға қосылған. Астанада газға қосылу көрсеткіші 17 процент. Жауаптылар бұл жақсы нәтиже дейді. Соңғы жылдары Астананың бірнеше ауданы және елорданың іргесіндегі Жібек жолы, Нұрлы, Шұбар, Ақ қайың, Талапкер, Қоянды сынды елді мекендерге газ тартылған. Қазір 121 мың адам көгілдір отынның игілін көріп отыр.
Тілеуқайша Мейіржансейітова, қала тұрғыны:
Қаншама жыл пеш жағып, ол көмірді түсіру керек, ол көмірге бару керек, оны пешке апару керек. Мінекей 4 жыл болды көзім ашылды. Көзім ашылып, газ келіп рахаттанып, қолымыз жылы суға малынып дегендей.
Елорда мен оның маңындағы ауылдарға газ тарту жұмыстары биыл да жалғасады.
Қайырхан Тұтқышбаев, ҚР Энергетика вице-министрі:
Осы 2026 жылы Қосышыға өте сала Целиноградский ауданда Қызылсуат, Қаражар, Қараөткел, Тайтөбе аудандарына тағы да газ қосылатын болады. Бұл 106 мың адамды газға қамтамасыз ететін болады.
Сондай-ақ биыл газ тарату ұйымдарына жаңа талап енгізілуі мүмкін. Егер заң күшіне енсе, компаниялар өз желілерін магистральдық газ құбырына тікелей қосуға міндеттеледі. Бұл тұтынушыларды «қос тарифтен» арылтады.

Бөлісу