Туристер үшін арнайы сайт іске қосылды
Саяхаттауды жоспарлап жүргендер үшін ақпарат. Енді Вьетнамға ұшар алдында қазақстандықтар шекаралық бақылауда ұзын-сонар кезек күтпейді. Туристік ел Immigration Department деп аталатын сайтты іске қосты. Сол арқылы мәліметтеріңізді үш күн бұрын онлайн жүктеуге болады. Қазірдің өзінде Хошимин және Таншоннят қалаларына құжаттарды алдын ала рәсімдей аласыз. Алдағы уақытта жүйеге қазақстандықтар көп демалатын Ханой, Дананг, Камрань және Фукуок та енгізіледі.
Тікелей әуе рейстері көбейді
Айта кетейік, биыл ел азаматтары Вьетнамнан бөлек тағы бірнеше елге оңай сапарлай алады. Бір жылда тікелей рейстердің саны көбейді. Шымкенттен Бішкекке, Санкт-Петербургке, Тель-Авивке аялдамасыз жетуге болады. Алматыдан Токиоға, Шанхайға, Ларнакаға, Даламанға, Астанадан Гуанчжоуға және Омандағы Салалаға тікелей ұша аласыз. Бұдан бөлек, Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Ақтаудан Үрімшіге жаңа бағыт ашылмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы