Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 65 пайызға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 65 пайызға азайды

27.09.2014
Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 65 пайызға азайды

Қазақстан ана мен бала денсаулығы, отбасын жоспарлау саласында елеулі жетістіктерге жетті.

Бұл туралы бүгін ана мен бала денсаулығы, отбасын жоспарлау саласындағы «Сапалы денсаулық сақтау» атты USAID бағдарламасының аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Орталық Азиядағы миссиясының өңірлік директоры Джонатан Аддлтон мәлімдеді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Ол Қазақстанда 2004 жылдан бері ана өлімі көрсеткіші 65 пайызға, жаңа туған балалар өлімі 2008 жылдан бері 60 пайызға азайғанын айтты.

Сонымен бірге, соңғы жылдары отбасын жоспарлау тәжірибесін қолдану жиілігі 10 пайыздан 50 пайызға көбейген.

«Бұл - үлкен жетістік. Қазақстанның бұл саладағы оң өзгерістерінен үлкен әсер алдым», – деді Джонатан Аддлтон.

Хабарламаларға жазылу