СҚО-да бір ауылда 150 отбасы гүл өсіреді
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау ауылында 150-ден астам отбасы гүл өсіруді табыс көзіне айналдырып отыр. Бағбандар 50-ге жуық өсімдік түрін егеді. Кей кәсіпкерлер бір маусымда 1 млн данадан астам гүл өсіріп, өңірдің ғана емес, басқа аймақтардың да сұранысын өтеп отыр.
Жергілікті тұрғындардың бірі Астана қаласының көгалдандыруымен айналысқан. Ауылдастарына тұқым таратып, өсірген гүлдерін сатып алып отырған. Осылайша ауылда ерекше кәсіп басталды.
Өсірілетін гүлдердің басым бөлігі – осы петуния. Өйткені оған сұраныс жоғары. Бастапқыда көп күтімді қажет етеді, ал гүлдеген соң, жайқала түседі.
Гүлдерді наурыз айынан бастап еге бастаймыз. Алдымен осында бастырып, шығарамыз. Өскен сайын оны осында шығарамыз.
Тұрғындардың айтуынша, гүл өсіру – басқа кәсіп сынды бастапқыда көп қаржы салуды талап етпейді. Есесіне білім мен табандылық қажет.
Жылыжайда гүл өсіру – оңай шаруа емес. Әсіресе бастапқы кезеңде күндіз-түні пеш жағып, іштегі ауа температурасын бақылау қажет. Өз ісін сүйетін әрбір адам, мынадай құлпырған гүлдерді көрген кезде бар қиындықты ұмытатыны анық.
Гүлді өзім жақсы көремін, мына жерде бір көршім болды. Сол кісі осындай гүл өсіреді екен. Сол кісі маған жол көрсетті, «сен мынадай жаса, мынаны өсір» деп. Содан ол еліне көшіп кетті, естелік қылып тастап кетті.
Аманбек Махметов, Айыртау аудандық кәсіпкерлік бөліміінң жетекшісі:
Гүлді тапсыру географиясы осы Қазақстан бойынша. Ақмола облысы, Астана қаласы, басқа облыстар, Солтүстік Қазақстан - барлығы алып жатыр. Бұл тәжірибені де енді қалғандары да қолданып жатыр, бірақ бұлай қарқынды емес. Қасындағы Лобан ауылы алып жатыр, Шалқар ауылында өсіріліп жатыр.
Имантау – көркем табиғатымен ерекшеленеді. Елді мекенде 900-ге тарта шаңырақ түтін түтетіп отыр. Қарапайым ауыл тұрғындарының маңдай терімен баптаған гүлдері талай жанға мейірім мен қуаныш сыйлап келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы