Мектеп мұғалімі садақ атуды үйретіп жүр
Құралайды көзге атқан мерген. Ақтөбе облысында қарапайым мектеп мұғалімі дәстүрлі садақ ату спортымен айналысады. Физика-информатика пәнінің мұғалімі Сәндігүл Әленова еліміздің атынан халықаралық жарыстарға шығып, үздік нәтиже көрсеткен. Ал бос уақытында жауынгерлік өнерді жастарға үйретеді. Қазір 30-дан аса шәкірті бар.
Садақ
ату – ежелден келе жатқан жауынгерлік өнер. Оны дәстүрлі спорт түрі ретінде
насихаттап, еліміздің батыс өңірінде алғаш қолға алғандардың бірі – Сәндігүл
Әленова. Ол Ақтөбе облысында садақ ату федерациясын құруға ат салысты. Елімізде
және шет елдерде өткен сайыстарға барып, шеберлігін шыңдады.
Сәндігүл Әленова, садақ ату спортының шебері:
Тапсырыс беріп, садақ атып, хобби ретінде басталды. Кейін бұл нәрсе, жалпы садақ атқаннан кейін, нысанаға тигеннен кейін жауынгерлік рух сезілетін. Тарихты зерттей бастадық, тарихқа қызығушылық басталды.
Сәндігүл
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасының әлеуметтік жобалар байқауында
жеңіске жетіп, грант иеленді. Ол қаржыға садақ атуға қажетті құрал-жабдықтар
сатып алды. Қазір Шалқар қаласында оқушылар мен жастарға білгенін үйретіп жүр.
Бұл қызметі үшін ешкімнен ақы сұрамайды.
Дамира Асхатқызы, оқушы:
Садақ ату менің рухани байлығымды кеңейтті. Негізінен осы садақ атқан кезде өзімнің бүкіл мінезім көрінді. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Садақ атқанның да бір әсем сәні бар негізі.
Сәндігүл Шалқар қаласындағы мектепте физика пәнінен сабақ береді. Ұстаздық пен
дәстүрлі садақ ату өнерін қатар алып жүрген жанға әріптестері мен оқушылардың
құрметі ерекше. Ол атқа мініп, жамбы атуды да меңгеріп жүр. Тіпті бұған дейін
«Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Мергендер мекені» бағдарламасына да қатысып, көрермен
көзайымына айналған еді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Петропавлда «Green time» экологиялық марафоны өтті
25.05.2026, 17:35
СҚО-да бір ауылда 150 отбасы гүл өсіреді
25.05.2026, 17:33
Еуропа күнін Астанада атап өтті
25.05.2026, 17:27
Сыр өңірінде «Тұран» сыйлығы табысталды
25.05.2026, 17:22
Халықаралық олимпиадаларда әрбір екінші оқушы жүлделі болды
25.05.2026, 17:20
Қармақшы ауданы ауылдарына газ тартыла бастады
25.05.2026, 17:17
Ақтөбеде мыс өнімдерін шығаратын зауыт салынады
25.05.2026, 17:15
Жол сапасын ЖИ-мен тексере бастады
25.05.2026, 17:13