Басты Жаңалықтар Сыр өңірінде «Тұран» сыйлығы табысталды

Сыр өңірінде «Тұран» сыйлығы табысталды

Сыр өңірінде Мәдениет өкілдеріне облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы табысталды. Бұл қазақ өнері мен әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне деген айрықша құрметтің белгісі.

Облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы соңғы төрт жылдың ішінде шығармашылық өкілдеріне тұрақты түрде тағайындалып келеді. Биыл әдебиет пен мәдениет саласында жұмыс істейтін 19 адам 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды. Мерекеде марапат мінберінен көрінгендердің бірі - Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ерғали Абдулла.

Ерғали Абдулла, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Тұран» сыйлығының иегері:

Қолыма қалам алып жүргеніме 50 жылдай уақыт болыпты. Осыған дейін 20 кітабым шықты әртүрлі жанрда.
Бүгінде аймақта мәдениет саласына айрықша қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, барлық ауданда «Руханият орталықтары» бой көтерсе, облыс орталығында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым» және «Отбасы орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Мұнан бөлек, биыл Президент тапсырмасына сәйкес жаңа драма театр, 24 сағат жұмыс істейтін Президенттік кітапхана құрылысы жүріп жатыр.

Мұрат Ергешбаев, облыс әкімі:

Бұл – халықтың рухани дамуына, кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған Мемлекет басшысының үлкен қолдауы.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада бірқатар сала үздіктеріне «Құрмет» ордені және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Мерекелік кеш жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.


Бөлісу