Халықаралық олимпиадаларда әрбір екінші оқушы жүлделі болды
Халықаралық олимпиадаларға қатысқан оқушылардың
әрбір екіншісі жүлделі болды. Бұл бүгінгі интеллектуалды ұрпақтың жемісі. Оқу
жылын қазақстандық оқушылар осындай үлкен жетістікпен тәмамдап отыр. Осылай
деген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ел түлектерін оқу жылының аяқталуымен
құттықтады. Ол Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының
мектеп-гимназиясында өткен соңғы қоңырауға қатысты. Бұл білім ордасы 2024 жылы
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылды. Білім беру ұйымы 1200 орынға
арналған. Қазір мұнда 598 бала білім алып, 65 педагог еңбек етеді. Бүгін 32
түлек туған мектебімен қоштасып отыр. Олардың ішінде 2 оқушы «Алтын белгіге», 3
оқушы үздік аттестатқа үміткер.
Жұлдыз Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі:
Биылғы жыл Оқу-ағарту министрілігі үшін, біздің білім беру ордалары үшін 420 мың ұстаздарымыз үшін өте табысты, жемісті жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Алғаш рет халықаралық олимпиадаларда 3 мың баламыз қатысып, одан 1900-ге жуық баламыз жүлделі орындар иеленді. Әрбір екінші оқушы халықаралық білім додасында еліміздің көк байрағын биіктен желбіретіп, намысын қорғады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09