Петропавлда «Green time» экологиялық марафоны өтті
Петропавл қаласында «Green time» экологиялық марафоны өтті. Іс-шараға еріктілер, белсенді жастар қатысты.
Марафон барысында эстафета ұйымдастырылып,
табиғатты қорғауға қатысты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар командалар
«Қоқыссыз болашақ» тақырыбында эко-плакаттар әзірлеп, өздерінің креативті
идеяларын ұсынды. Шараның қорытынды кезеңінде жастар викториналық сұрақтарға
жауап беріп, тақырыптық пазлдарды құрастырды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған
команда жеңімпаз атанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Green time» экомарафоны
жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталды.
Мұса Әубәкіров, қоғамдық даму және
ақпарат орталығының маманы:
Көшедегі қоқыс, заңсыз қоқыс орындары, табиғатқа немқұрайлы қарау – осындай мәселелер жиі кездеседі. Сондықтан біз жастарды сөзбен емес, нақты іс арқылы экологиялық бастамаларға тартуға тырысамыз.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16