Алматы облысында жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жаңа мектеп ашылды

01.09.2014
Алматы облысында жаңа мектеп ашылды

Бүгін Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 900 орындық жаңа мектеп ашылды. Қазақ тілінде білім беретін үш қабатты оқу ғимараты 4 блоктан тұрады.

№13 мектепте 46 кабинет, спорт залы, акт залы бар. Ал асханасы 140 адамға  арналған. Сонымен қатар, 6 компьютерлік класс және бар. Тағы 14 интерактивті тақта орнатылған. Қазіргі таңда 1249 оқушы қабылданып, 42 сынып жасақталды.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқушыларды, ата-аналар мен оқытушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Аймақ басшысы  2005 жылы білім беру саласына 28 миллиард теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіштің 105 миллиард теңгеге  көбейгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, жыл санап облыстың оқу орындарындағы материалдық-техникалық базасының жақсарып келе жатқанын айтты.

«Жаңа мектеп Мемлекет басшысының үш ауысымды мектеп мәселесін шешу тапсырмасына сай салынған. Нысанның сметалық құны 1 миллиард 200 миллион теңге. Онда сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған», - деді әкім. 

Хабарламаларға жазылу