Сазгер Темірәлі Бақтыгереев дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сазгер Темірәлі Бақтыгереев дүниеден озды

14.08.2014
Сазгер Темірәлі Бақтыгереев дүниеден озды

Бүгін 64 жасынан асқан шағында сазгер Темірәлі Бақтыгереев дүние салды. Темірәлі Бақтыгереев ширек ғасырдан астам шығармашылық қызметінде  300-ден астам әннің авторы атанды.

2013 жылы 18 ақпанда Алматыдағы Студенттер сарайында сазгердің «Барып қайт, балам, ауылға!» деген атпен шығармашылық қызметінің 40 жылдығына арналған мерейтойлық ән кеші өткен еді.  

Біздің анықтама:

Темірәлі Бақтыгереев 1950 жылы 23 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы Березин ауылында дүниеге келген. Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық училище мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Кейін Саратов консерваториясында оқыған.

Темірәлі Бақтыгереев А.Қадырбаеваның «Барып қайт балам, ауылға туған, барып қайт», Ж.Қашқыновтың «Ғашықтар сенімі», Ф.Оңғарсынованың «Сағыныш» сияқты өлеңдеріне жазған әндерімен жұртшылық арасында кеңінен танылды.

 Марқұммен қоштасу 16 тамыз күні Алматыда өтеді.  

Хабарламаларға жазылу