Ақтаулық волейболшылар Қытайда өтетін жасөспірім арасындағы Олимпиадаға қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулық волейболшылар Қытайда өтетін жасөспірім арасындағы Олимпиадаға қатысады

30.07.2014
Ақтаулық     волейболшылар   Қытайда  өтетін  жасөспірім  арасындағы  Олимпиадаға  қатысады

16 – 28  тамыз  күндері   Қытайдың Нанкин қаласында    жасөспірім  арасында  II  Олимпиада  ойындары   өтеді.   14 – 18  жас  аралығында  жасөспірімдер   30  спорт  түрінен  бақ  сынайды.  Қазақстан  құрамасы  биыл  23  спорт  түрінен  қатысады.  Қатысушылардың  саны - 51  спортшы.  Алғашқы    жасөспірім  ойындары  2010  жылдың  жазында  Сингапурде  өтті.

Жасөспірім  арасындағы  жағажай   волейбол   жарысында   Маңғыстау   облысының   атынан  «Каспий»  волейбол  мектебінің    тәрбиеленушілері   ойнайды.

Ақтаудан  Олимпиада  ойындарына  екі  команда  барады.  Қыздар  бәсекесінде  Екатерина  Ласюта  мен  Анна  Пименова,  ерлер  жарысында  Егор  Дмитриев  пен  Сергей  Полищук  сынға  түседі.  Олар  Олимпиадаға  қатысу  құқығын  Тайландта  өткен  турнирде  жақсы   нәтиже  көрсетіп  алған. 

Хабарламаларға жазылу