Футболдан Қазақстан Президенті Кубогына Испания футболшылары (U-17) қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Президенті Кубогына Испания футболшылары (U-17) қатысады

10.03.2015
Футболдан Қазақстан Президенті Кубогына Испания футболшылары (U-17) қатысады

17 жасқа дейінгі Испания жасөспірімдер құрамасы Астанада өтетін жылсайынғы футболдан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына қатысатынын растады.

Қазақстан мен Испания құрамаларынан бөлек, халықаралық турнирге Грузия, Қырғыз Республикасы, Беларусь және Тәжікстанның жасөспірім құрамалары қатысады.

Еске сала кетейік, өткен жылы Испания турнир жеңімпазы атанған. Олар финалда Грузия футболшыларын 6:1 есебімен ұтқан еді.

Хабарламаларға жазылу