Екі Корея арасында келіссөздер басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі Корея арасында келіссөздер басталды

09.01.2018

Пхеньян мен Сеул арасындағы келіссөздердің бірінші раунды екі көршілес мемлекет шекарасындағы Пханмунджомда бүгін басталды. Мұны Корея Республикасының Бірігу істері бойынша министрлігі мәлімдеді. 2015 жылдан бергі алғашқы кездесудің басты тақырыбы - екі елдің қатынастарын жақсартуға бағытталған іс-шаралар, оның ішінде Солтүстік Корея спортшыларының Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиадаға қатысуы мәселелері. Екі тараптан келіссөздерге 5 адамнан қатысады. Оңтүстік Корея делегациясын Бірігу істері бойынша министр, ал, Солтүстік Корея өкілдерін Кореяның Бейбіт түрде бірігуі бойынша комитеті төрағасы бастап барған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу