Қазақстандық шахматшылар онлайн олимпиадаға қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шахматшылар онлайн олимпиадаға қатысады

19.08.2020

Қазақстан шахматшылары əлемде алғаш рет онлайн форматта өтетін олимпиадаға қатысады. Біздің құрама команда тамыздың 21 мен 23-і аралығында ТОП-дивизионда өнер көрсетпек. Жарыстың бірінші күнінде Словакия, Нидерланды жəне Испания құрамаларымен ойнайды. Жалпы олимпиадаға 163 ұлттық құрама команда, 1500-ден астам шахматшы тіркелген. Жарыс chess.com ойын платформасында ұйымдастырылады.

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу